Қызылордада ауа сапасын автоматтандырылған арнайы жүйе бақылайды. «Соңғы үлгідегі құрылғы мониторинг жүргізуге қолайлы», — дейді мамандар.
Бұл туралы Қорқыт ата атындағы университетте өткен экологиялық сағатта айтылды. Шарада Облыстық экология департаментінің мамандары студенттерге табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдарын баяндады. Сонымен қатар жастар клубының экологиялық мәдениетті дамыту жобасы таныстырылды. Былтыр облыста 25 мың тоннаға жуық ластағыш зат қоршаған ортаға тараған. Оның басым бөлігі тазартылмаған.
Сәуле Кәрімова, Облыстық экология департаментінің бас маманы:
- Қазіргі таңда ауаға қатысты автоматтандырылған мониторинг жүйесін жүргізіп жатырмыз. Қазір ең бірінші цифрландыруға өтіп жатырмыз. Мұның өзі жас маманның келешегіне үлес қосылады.