Ломтадзе Англияның үшінші дивизионындағы " Уикомб Уондерерз" футбол клубының негізгі иесі.

26 мамыр күні Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті. Жиын барысында Жарғы талаптарын бұзған бірқатар ұйым ҚФФ мүшелігінен шығарылып, атқарушы комитеттің кейбір мүшелерінің өкілеттілігі тоқтатылды.

"Атқарушы комитеттің кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады: Абраев Олжас, Ғилымов Әбілмәжен, Жамантаев Ерлан, Қосмұхамбетов Талғат, Нефедов Алексей, Сидельковский Владимир", — деп хабарлада ҚФФ баспасөз қызметі.

Сондай- ақ атқарушы комитеттің жаңа мүшелерінің есімдері де белгілі болды. Олардың арасында белгілі кәсіпкер Михаил Ломтадзе де бар.

"ҚФФ Жарғысына сай Атқарушы комитет құрамына келесі кандидаттар сайланды: Гаджиев Гаджи, Ерғалиев Әсет, ⁠Құрман Нұрсұлтан, Ломтадзе Михаил, Масудов Вахид, Нуну Алешандре Паррейра де Каштру", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе табысты кәсіпкер және инвестор. Қазіргі таңда оның байлығы 5.9 млрд долларға бағаланады.

Ол Kaspi компаниясының басқарма төрағасы және акционері ретінде танымал. Сондай-ақ Kolesa Group компаниясының акционері және бақылау кеңесінің төрағасы.