Третьяков галереясында көрмеден бөлек қазақстандық кино күндері де өтіп жатыр. Шара Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды.
13 қазанға дейін Мәскеу жұртшылығының назарына отандық алты фильм ұсынылады. Атап айтқанда, «Патриоттар уақыты», «Тоқта, түн!», «Дос-Мұқасан», «1941 жылдың жазы», «90+1» және «Алтын адам» туындылары көрсетіледі. Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндері қараша айында отандық өнерпаздардың гала-концертімен түйінделеді.
Дмитрий Давиденко, кинотанушы, РФ Мәдениет министрлігі Кинематография және цифрлық даму департаментінің директоры:
- 1941 жылы Мосфильм, Ленфильм сияқты біздің үлкен киностудияларымыз Алматыға көшірілгені есімізде. Сол жерде маңызды, қажетті деген кинокартиналар жарық көрді. Бірлескен фильмдер шығару дәстүрін одан әрі жалғастырғымыз келеді.