Батыс Қазақстан облысында әйел адам баласының әкесі кім екенін сот арқылы дәлелдетіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, әйел сотқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы рәсімдеу және балаларға әкесінің тегін беру үшін жүгінген.

Сот отырысында әйел мен азаматтық некедегі күйеуі 2005 жылдан бері бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізгені, алайда ресми некеге тұрмағаны анықталды. Осы уақыт ішінде олардың төрт баласы дүниеге келген. Өтініш берушінің айтуынша, ресми түрде әкесін тіркеу қаражаттың жетіспеуіне байланысты жүргізілмеген.

2025 жылғы наурызда ер адам қайтыс болған. Ол тірі кезінде балаларының әкесі екенін біліп, олардың тәрбиесіне араласып, бірге тұрған. Бұл деректер марқұмның туыстары мен көршілерінің куәлігімен, сондай-ақ отбасылық фотоматериалдармен расталды.

Осы мән-жайларды ескере отырып, сот әйелдің өтінішін қанағаттандырып, марқұмның балаларына тегі берілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget