Алматыда Алмалы ауданындаға дүкенде өрт шығып, "Тастақ" базарындағы сауда нүктелері мен көршілес тұрғын үйлерге таралып кете жаздады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, алғашқы МЧС бөлімшелері келгенде дүкен ашық жанған, көршілес үйлердің шатырлары ішінара түтінденген. "Оперативті шаралардың арқасында өрттің тұрғын үй-жайлардың жанбаған бөліктеріне, сондай-ақ көрші үйлер мен сауда орындарына таралуына жол берілмеді. Сондай-ақ "Тастақ" базарындағы екі деңгейлі контейнерлерге өрттің таралуы алдын алынды", — деді ДСПТ кезекші офицері Сергей Белоенко.
Өртті сөндіру жалғасуда. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзға жақын Солнечный ауылы маңындағы шаруа қожалығының тұрғын үйінде өрт болып, соның салдарынан алты адам қаза тауып, бір адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!