Бүгін, 27 мамыр күні таңертең Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Магнитудасы – 4,4. Энергетикалық класы – K=9,5.

Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.