"Адам өлтіру" фактісі бойынша қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.
Талдықорғандағы қонақүйде 12 жерінен пышақталған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Алдын ала болжам бойынша, қаскөй марқұмды қатыгездікпен өлтіріп, ізін жасыру үшін бөлмеге от қоюы мүмкін. Қазір күдікті ретінде 23 жастағы жігіт қамауға алынды. Қанды қылмыс қаланың қақ ортасындағы дәл осы қонақүйде болған. Куәгерлердің айтуынша, таңғы сағат төрттер шамасында ғимараттың төменгі қабатын қызыл жалын шарпыған.
Өрт сөндірушілер барлық қонақты қауіпсіз жерге көшірген. Тілсіз жауды ауыздықтаған соң төтеншеліктер 43 жастағы әйелдің мәйітін алып шыққан. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Сонымен қатар бірнеше жерінде пышақ жарақаты анықталған. Полиция "адам өлтіру" бабымен іс қозғады. Бар кінәні мойындаған жігіттің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
"Адам өлтіру" фактісі бойынша қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуші нәтижесінде ізін суытпай осы қылмысқа 23 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі кезде қамауға алынды", – деді Жетісу облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Дәурен Сәкенов.