Ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді.

Алматының бас ботаникалық бағы жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы ботаникалық бақтың баспасөз қызметі хабарлайды.

Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді.

"15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн өтеді", – деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ботаникалық бақ дауылға байланысты жабылады