Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,63 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге қымбаттап, 539,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,63 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,84 теңгеден сатып алынады, 540,62 теңгеден сатылады. Еуро 625,54 — 629,72 теңге, ал рубль 6,68 — 6,80 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 537,69 теңгеден сатып алынады, 543,69 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 624,49 теңге, сату — 632,53 теңге. Ал рубль 6,73 — 6,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.