Бір-ақ сәтте желі жұлдызы атанған спортшының есім-сойы – Бекболат Иса.

Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген концертінде өнерпазға қолтаңбасы бар домбыраны сыйға тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, ол "Балқадиша" әнін нақышына келтіріп, желіде танымал болған-ды. Жас баланың таза даусы мен вокалдық шеберлігі күллі қазақстандықтарды тәнті етті, оған әсіресе ән әлеміндегілер ерекше ықылас танытқан. Осылайша, ол Димаш Құдайбергеннің концертінде ән шырқау бақытына ие болды.

Спортшы әрі әнші жігіт Димаштың концертінде өзін жұлдыз еткен "Балқадиша" әнін орындап берді.

Өз кезегінде әлеуметтік желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге алғаусыз алғысын жаудырып жатыр.

"Бұлақ көрсең, көзін аш" деген, Димашымыз інісін сахнаға шығарыпты", "Күресті қойып, ән айту керек секілді балаға", "Тіл көзден аман болсын! Керемет", "Інілеріне қолдау болатын ағалары көп болсын!" деп жарыса жазып жатыр желі қолданушылары.