Бұл жайтты Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында Дональд Трамп растады .
Ол Америка мен Қытай арасы сауда соғысы жағдайында екенін мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қытай Халық Республикасымен сауда соғысы бола ма?" деген сұраққа АҚШ президентінің сөзін ТАСС агенттігі мысалға келтіреді.
"Біз қазір "сауда соғысына" қатысып жатырмыз, – деп жауап берген ол.
Президенттің сөзінше, егер қос ел басшылары алдағы кездесуде өзара келісімге келе алмаса, қақтығыс жалғаса беруі ықтимал.
Айта кетейік, Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі қазан айының соңында және қараша айының басында Оңтүстік Кореяда өтетін АТЭС саммиті аясында жоспарланып отыр.
Қазір белгілісі, Қытай АҚШ-қа тиесілі, АҚШ-та тіркелген немесе АҚШ билігінде жұмыс істейтін кемелерге арнайы ақы енгізді. Десе де, Қытай өз елінде жасалған немесе қытайша жасау стандартына сай құрылған кемелер белгілі шарттармен бұл төлемдерден босатылған. Ақы төлеу саясаты арнайы төлем бірінші портқа кірген кезде не болмаса бір жыл ішінде бес рет жүк тасымалдаған кемеге қолданылмақ.
АҚШ Қытайдың теңіз тасымалы, кемелер саласында үлкен ықпалын азайтуды мақсат тұтқан әрі өз кемежай инфрақұрылымын дамытуға күш салды. Сарапшылар жағдай бұлай қайталана берсе, қос ел арасындағы шиеленіс одан сайын арта түсетінін жорамалдап отыр.