Ақтөбе қаласында бес баланың анасын туыстары күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызған, ал балаларын «Аяла» орталығына орналастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қорыққан балалар қоғамнан көмек сұрап видео түсірді.
«Біз бұл видеоны көмек сұрау үшін жазып отырмыз. Біз — бес баламыз. Қазір Актөбедегі “Аяла” орталығындамыз. Анамызды бір күннің ішінде психбольницаға алып кетті», — дейді үлкен қызы.
Балалардың сөзінше, отбасындағы жанжал мұраға талас салдарынан шыққан.
Қазір олар анамыздан біржола айырылып қаламыз ба деп қорқамыз дейді.