Жазатайым оқиға туралы Көкшетау қалалық полиция басқармасы мәлімет таратты.
13 қазанда сағат шамамен 09:45-те жанармай құю бекеттерінің бірінде ер адам тоққа түсіп, сол жерде көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Болжам бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, тоқ соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан", – деп хабарлады ведомство.
Облыстық еңбек инспекциясы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.