Полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.
Павлодардан Баянауылға апаратын республикалық тас жолда көлік апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдан шығып кеткен.
"16 қазан күні Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, "Қалқаман-Керней" автожолында Lexus RX 330 маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты", – деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады.