Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Акция 27 мамыр мен 1 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында республика бойынша өтеді.

"Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру. Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін", - делінген хабарламада.