Алматы облысында «Әйел аманаты» кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шараға екі жүзден астам нәзік жанды қатысты.

Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен көпбалалы аналар бар. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған кездеуде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен Әйелдер қанатының бастамалары сөз болды. Жиын барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, гендерлік теңдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.

Жеңісгүл Дәулетова, кәсіпкер:

- Кездесу барысында зорлық-зомбылық көріп жатқан азаматтарға қолдау көрсету және мемлекеттік қолдауға, кәсіпкерлікке бөлінетін гранттар жайында ақпараттар айтылды.

Меруерт Молдашева, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» жетекшісі:

- Бүгін айтылған Әйелдер қанатының 10 негізгі басымдығы: партия тарапынан жетекші әйелдер тағайындалған. Әр жетекші халықпен кездесу жұмыстарын атқарып жатырмыз.