Екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды "Қазхром" компаниясының баспасөз қызметі.
"Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш кезекші электр слесарі зардап шекті. Қызметкерлердің беті мен қолын күйіп қалды", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
Оқи отырыңыз: Ұлытау өңіріндегі шахтадағы төтенше жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды
"Үш адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр", – дейді денсаулық сақтау басқармасы.