ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін бөлінетін қаржы екі есе көбейтіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру үшін өндірушілермен бөлшек сауда бағасын бекіту жөнінде меморандум жасалады.
"ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін бөлінетін қаржы екі есе көбейтіледі. Тұрақтандыру қорларының жұмысы күшейтіледі. Өңірлік комиссиялар бағаны негізсіз көтеретін делдалдарды анықтап, оларды нарықтан шығаруға ерекше назар аударады. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ай сайын өңірлерге тікелей сиыр етін жеткізу ұйымдастырылып жатыр", – деді министр.
Оның айтуынша, аталған жұмыстар жүйелі және жоспарлы түрде жалғаса береді.