Жалпы алғанда, ағымдағы биыл қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған .

Алматыда 1983 жылы пайдалануға енгізілген жылу трассасын ауыстыру үшін Марков көшесінің бір бөлігі бір түнге жабылады, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

27 мамырдың сағат 21:00 бастап 28 мамырдың сағат 07:00 дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Марков көшесінің бойымен Бұқар Жырау желекжолынан бастап Пожарский көшесіне дейін екі бағытта автокөліктер қозғалысы шектеледі.

"Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегментінің жүргін бөлігінің астымен төселген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар


Еске салайық, Бостандық ауданында Габдуллин – Хамит Ерғалиев, Жағалау маңы – Бұқар Жырау – Байтұрсынов көшелерінің контурында орналасқан, жалпы ұзақтығы 2,7 километрді құрайтын, 1983 жылы пайдалануға берілген құбыржолды жаңғырту жоспарланып отыр. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

"Жылу трассасы 128 көппәтерлі тұрғы үйдің, 25 жеке үйдің тұрғындары, екі балабақша, бір мектеп, бір медицина мекемесі және 65 басқа да объектілер үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.