Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап .

Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтті. Максим Головкин Instagram парақшасында бауыры Геннадий, Хабиб және Eagle FC ұйымының басшысы Шамиль Завуровпен бірге түскен суретті жариялады. Пост бірнеше сағат ішінде 3 мыңнан астам лайк жинаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, сондай-ақ World Boxing жанындағы олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметін атқарады.