Бөлімдер
Жаңалықтар

Жағдайы күрт нашарлаған сәби Астанаға ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді

Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.

Шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған нәресте ТЖМ тікұшағымен елорда ауруханаларының біріне жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, “Қазавиақұтқару” тікұшағы Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған.

“Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.