2021 жылғы АҚШ чемпионы, әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына шықты.
Ол жартылай финалда әлемдік рейтингіде 138-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортты ұтты – 6:7 (8:10), 6:3, 6:2.
"Бүгін менің де, қарсыласымның ойын деңгейі өте жоғары деңгейде болды. Тай-брейкте жақсырақ ойнай алар едім, бірақ солай болады. Бәсеке барысында екі тараптан да тартысты сәттер көп болды, сондықтан матчта жеңіске жеткеніме қуаныштымын", – деді Медведев кортта берген сұхбатында.
Осылайша, ресейлік теннисші Алматыда спорттық жолында ATP турнирлеріндегі 40-финалына өтті. Бұл жөнінен ол қазіргі кезде өнер көрсетіп жүрген теннисшілер арасынан сербиялық Новак Джоковичтен (143) кейін екінші орын алады.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау