Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдік рейтингте 103-орында тұрған Шевченко негізгі жарысқа «лаки лузер» ретінде қосылған еді — яғни, басқа спортшының бас тартуына байланысты мүмкіндік алған. Алғашқы айналымда ол сербиялық Душан Лайовичпен (125-орын) кездесіп, үш сетке созылған ойында жеңіске жетті — 6:2, 6:4, 7:6 (7:4).
Кездесу екі сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко үш эйс жасап, үш қос қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Екінші айналымда Шевченко америкалық Итак Куинн мен болгариялық Григор Дмитриев арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті