Алматы тауларында егде жастағы спортшы жарыс кезінде көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қазанда болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

"Біздің қатысушымыз — 70 жастағы Владимир Кривенцов көз жұмды. Владимир КСРО-ның теңіз көпсайысы мен шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, ҚР чемпионы және полиатлон, президенттік көпсайыс, қысқы көпсайыс секілді спорт түрлері бойынша бірнеше мәрте жүлдегер болған. Ол жарыстарымыздың тұрақты қатысушысы еді", — деп жазылған ұйымдастырушылар хабарламасында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайғылы жағдай старт басталғаннан кейін болған. ТЖД бөлімшесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды "Медеу" кешенінің құтқару бөліміне жеткізген. Алайда бұл шаралар нәтиже бермеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget