Оны ойлап тапқандар – Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген , деп жазады Egemen.kz.

IoT құрылғылары және бағдарламалық жасақтаманың интеграциясы арқасында жылыжай микроклиматты, жарықтандыруды, суаруды өздігінен реттей алады. Жоба өсімдіктерді күтіп-баптауға адамның араласуын барынша азайтуға бағытталған.

Жоба жетекшісі Шернияз Кабдушевтің айтуынша, өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер өздерінің жоғары деңгейлерін көрсетіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, энергоүнемділік ерекше мән берілген жылыжай – күн панельдерімен жабдықталған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі интернетке шектеулі қолжетімділік жағдайында да жұмыс істей алатындай етіп жасалған.

Студенттер жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.