Токио қаласында өтетін XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын сегіз спорт түрінен 79 спортшы қорғайды.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы Марат Қасқырбаев айтты. Бүгінде Ұлттық құрама дайындықтарын пысықтап жатыр. Еске салайық, Қазақстан 1997 жылдан бері Сурдлимпиадаға қатысып келеді. Осы уақыт ішінде 42 медаль жеңіп алған. Қазіргі құрамада 882 спортшы бар. Жалпы елде 16 мамандандырылған спорт клубы мен 2 арнайы мектеп жұмыс істейді.

Марат Қасқырбаев, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы:

- Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен қатысады. Атап өтетін болсақ, жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо. Жалпы бізде министрлік ведомствовалық дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлық орталығы, сол орталықтан 21 оқу-жаттығу жиыны өткізді. 5 шетелде, қалғандары ҚР-да ұйымдастырылды.