Ұлттық статистика бюросының мәліметінше , осы есімді иеленген 7 азамат Қарағанды облысында тұрады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында Қазақстан есімді 6 адам өмір сүріп жатыр. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі — Қазақстан. Ең қарт Қазақстанның жасы — 92-де болса ең жасы 25-те.