Egov порталында азаматтар өз деректерін кім және қашан пайдаланғанын бақылау алады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жаслан Хасенұлы, елдің көкейінде тұрған мәселелердің бірі – азаматтардың дербес деректерін сақтау. Осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.
Министрдің сөзінше, бұл маңызды бағыттардың бірі.
"Жеке деректерді қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік артты. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, олардың ішінде саяси қызметшілерге ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау бойынша жеке жауапкершілік бекітілді. Egov порталында азаматтар өз деректерін кім және қашан пайдаланылғанын бақылау алады. Осындай арнайы сервис функциясы Egov-та бар. Сондай-ақ рұқсат беру, бас тарту немесе келісімді кері қайтару функциялары қолжетімді. Қазіргі таңда бұл сервис тәулігіне бір млн-нан астам өтінішті өңдей алады", – деді Жаслан Мәдиев.