Турнирге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысты .
Бүгін, 21 қазанда, Семей қаласында жанкүйерлер асыға күткен маңызды спорттық оқиға - Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Бұл күні еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасып, ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салады.
Финалдық жекпе-жектер екі сессияда ұйымдастырылған: алғашқысы — сағат 12:00-де, екіншісі — 16:00-де басталады. Барлығы 20 кездесу (40 боксшы) өтеді. Жарыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Рингке ел құрамасының үздіктері — Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Сағындық Тоғамбай, Валентина Хальзова, Жайна Шекербекова сияқты танымал спортшылар шығады. Олар өз салмақ дәрежесінде жеңіс үшін және ұлттық құрама сапында халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі үшін бақ сынайды.
Боксшылардың әрқайсысы бұл финалға дейін бірнеше қарсыласын жеңіп, жоғары дайындық пен табандылық танытты. Енді шешуші сәт — Қазақстан чемпионы атағын иелену.
12:00 сессиясы
Әйелдер, 48 кг: Айгерім Сәттібаева – Әнель Құдайберген
Ерлер, 50 кг: Бекзат Алдамжаров – Даниял Сәбит
Әйелдер, 54 кг: Жайна Шекербекова – Элина Базарова
Ерлер, 60 кг: Бейбарыс Жексен – Серік Теміржанов
Әйелдер, 60 кг: Римма Волосенко – Анар Тұрсынбек
Ерлер, 70 кг: Абылайхан Жүсіпов – Фарух Тоқтасынов
Әйелдер, 70 кг: Мадина Нұршаева – Бақыт Сейдіш
Ерлер, 80 кг: Ерасыл Жақпеков – Диас Молжігітов
Әйелдер, 75 кг: Валентина Хальзова – Мария Сидоренко
Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай – Нұрмұхаммед Юсупов
16:00 сессиясы
Әйелдер, 51 кг: Жазира Урақбаева – Анита Әдішева
Ерлер, 55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек – Сәкен Бибосынов
Әйелдер, 57 кг: Карина Ибрагимова – Ұлжан Сәрсенбек
Ерлер, 65 кг: Ертуған Зейноллинов – Санатәлі Төлтаев
Әйелдер, 65 кг: Аружан Жаңабаева – Лаура Есенгелді
Ерлер, 75 кг: Сабыржан Аққалыков – Тимур Нұрсейітов
Әйелдер, 80 кг: Надежда Рябец – Анастасия Рылина
Ерлер, 85 кг: Дәулет Төлемісов – Сұлтанбек Айбарұлы
Әйелдер, +80 кг: Валерия Аксенова – Әсел Тоқтасын
Ерлер, +90 кг: Нұрлан Сапарбай – Аслан Елдібайұлы