Еуропалық Одақ кеңесі 2028 жылға дейін Ресей газы импортынан біртіндеп бас тарту туралы жоспарды ресми түрде мақұлдады.
2026 жылдан бастап көгілдір отын тек осы жылдың маусымына дейін қабылданған қысқа мерзімді келісімдер арқылы ғана жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал ұзақ мерзімді келісімдердің мерзімі 3 жылдан кейін аяқталып, содан кейін Ресейден газ тасымалы мүлде тоқтайды.
Дегенмен теңізге шығатын жолы жоқ елдерге уақытша жеңілдік қарастырылуы мүмкін. Қазір Еуропаға импортталатын газдың 13 пайызы Ресейге тиесілі, бұл үшін жыл сайын шамамен 15 миллиард еуро төленеді. Соғысқа дейін бұл үлес 45 пайызды құраған болатын.
REPowerEU жоспарына сәйкес:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей газын жаңа келісімшарттар бойынша (2025 жылғы 17 маусымнан кейін жасалған) импорттауға тыйым салынады;
- 2026 жылғы 17 маусымнан бастап қысқа мерзімді келісімдерге;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді келісімдерге толық тыйым енгізіледі.
Ресейлік энергия ресурстарынан бас тарту шарасы Мәскеуді Украинадағы соғысты қаржыландыруға мүмкіндік беретін маңызды табыс көзінен айыруды көздеп отыр.