Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ.

Қосшы қаласында жаңа деректер орталығы салынады. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі қолданыстағы деректер өңдеу орталықтарына қоса Алматыда жасанды интеллект кластері жұмыс істеп тұр. Оның ұқсатылуы 90 пайызға жетті. Яғни, елімізде бәсекелестік ортада жасанды интеллект дамытылып, пайдаланылып жатыр. Қосшы қаласында 250 стойкасы бар жаңа деректер орталығы да құрылуда", – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, China Energy корпорациясымен бірге ірі 100 мегаваттық 5 мың стойкасы бар ірі супер ЦОД жобасының құрылысы келесі жылы басталады.

"Тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұл шетелдік инвестицияға салынатын ең ірі дата орталық болады. Қазір тиісті экономикалық негіздемелер мен басқа да тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Инвестицияның 70%-ын қытайлық компания құяды ", – деді "Қазақтелеком" басшысы.