Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.