1 қазандағы жағдай бойынша 274 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АӘК кімдерге беріледі?
АӘК-нің негізгі мақсаты — ақшалай қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту арқылы отбасын қиын жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда).
АӘК-ні қалай алуға болады?
Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ, электрон үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!