Аңызға айналған Джеки Чан басты рөлде ойнайтын жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссёрі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиакомпания Salem Entertainment-тің Instagram парақшасында жазылғандай, Джеки Чан режиссёрді, каскадер мен экшен-сахна қоюшыны өзі таңдаған. Таңдау қазақстандық режиссёр Роберт Кунға түсті.

Роберт Кун — Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген танымал қазақстандық кинематографист. Ол «Майор Гром: Игра», «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» секілді фильмдердің экшен-сахналарын қойған.

Айта кетейік, Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталмақ. Бұл – әйгілі франшизаның жаңа тынысы болуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sәlem Entertainment (@salem.entertainment)