Францияның оңтүстік-шығысында денге және чикунгунья безгектері таралды.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау агенттігі хабарлаған. Осы айда аталған індеттерді жұқтырған 70 жағдай анықталды. Билік вирусқа қарсы күресті күшейтті. Мамандар инфекция жайлаған аудандарды тазартып, арнайы құралдармен өңдеп жатыр.
«Вирустардың таралуына климат өзгерісінің теріс салдары себеп», — дейді сарапшылар. Ғаламдық жылыну инфекция таситын масалардың шамадан тыс көбеюіне қолайлы жағдай жасап отыр. Аталған 2 безгекті де жәндіктер таратады. Қос аурудың негізгі белгілері – жоғары дене қызуы, буындардың қақсауы, бас сақинасы, қышыма және лоқсу.