Бөлімдер
Жаңалықтар

Алатау полигонындағы өрттен кейін қалада жаңа нормалар бекітіледі

Тиісті жоба “Ашық НҚА” порталында талқылауға шығарылды.

Алатау қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған жаңа тарифтер бекітілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оны Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі әзірлеген.

Жоба шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту көзделеді. Негізгі міндеттері:

– қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан негізделген тетігін құру;

– елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуының алдын алу;

– экологиялық қауіпсіздікті арттыру және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.

Жоба 2025 жылдың 6 қарашасына дейін талқылауда болады.