Қазақстанның геологиялық саласына халықаралық инвесторлардың қызығушылығы жоғары.
Соңғы жылдары елімізге әлемдік деңгейдегі геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыру үшін ірі шетелдік компаниялар келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның стратегиялық серіктестері арасында:
- Rio Tinto Mining and Exploration Limited (Ұлыбритания);
- FQM Kazakhstan limited және Arras Minerals Corp. (Канада);
- Sarytogan Graphite Limited, Hidden Owl Pty Ltd, IG Asia LLC (Австралия/Сингапур);
- Эсан (Түркия) және Еуропа елдерінің алпауыт халықаралық компаниялары бар.
Бұл компаниялар қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алып, геологиялық барлау жұмыстарына 12 млрд теңгеге жуық инвестиция құйып үлгерді.
Олардың жобалары кейінгі игеру үшін перспективалы жер қойнауы учаскелерін барлауға бағытталған. Бұл ел экономикасы мен өңірлік өсім үшін жаңа перспективалар ашады.
Жыл сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен аймақтық геологиялық зерттеулер, оның ішінде терең және минералогиялық карталау, сонымен қатар іздестіру және тақырыптық жұмыстар тұрақты жүргізіледі.