Сондай-ақ, автоматты суару жүйесі жабдықталып, көшені жарықтандыру желілері жүргізілді.

Алматының Алатау ауданындағы Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған жобаны іске асыру осы жылдың сәуір айында басталған еді.

"12 мың шаршы метрден астам алаңда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақ көркейтілді, арт-нысандар орнатылды, арық өткелі мен амфитеатр салынды. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесі жабдықталып, көшені жарықтандыру желілері жүргізілді. Табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалауын экологиялық жақсартуға ерекше назар аударылды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда құрылыс нормаларын сақтамаған компания жазаланды


Бүгінде барлық жұмыс аяқталды. Енді міне, сквер қала тұрғындары демалатын заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.