Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов әзіл айтамын деп көпшіліктің сынына ұшыраған журналист Асхат Ниязовты сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Асхат Ниязов деген орыстілді блогер әр айтқан сөзі үшін қазақтан кешірім сұрауы керек. Бұл — сорақылық әрі ақымақтық. Бүкіл қазақтың салт-дәстүрін, ата-бабамыз киелі санаған тақияны келемеж етіп отыр. Ал ол жерде отырған жиырмадан астам адам оған қол шапалақтап, күлкіге қарық болды. Араларында намысы бар бір адам табылмағаны өкінішті. Асхат Ниязов елге оралған қандас болса да, не қазақ тілін меңгермеген, не ұлттық дәстүрді құрметтемейді», — деп жазды қоғам белсендісі.

Айта кетейік, журналист Асхат Ниязов YouTube платформасындағы «Прожарка Каны Бейсекеева» подкастында әзілкеш Руслан Тайға қатысты қалжың айтып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған болатын.

Подкаст форматы бойынша қатысушылар бір-біріне әзілмен жауап беріп, аудиторияны күлдіруді көздейді. Алайда Асхат Ниязовтың әзілін қазақстандықтар орынсыз әрі әдепсіз деп бағалады.

Журналист подкаст барысында:

«Русланның қазақылығы соншалық, ол мүшесіне де тақия кигізіп алған», — деген болатын.

Бұл сөз көпшіліктің наразылығын туғызып, қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Burahan Daqanov (@daqanov)