Бұл шаралар полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған.
Қызметтік тәртіпті бұзған, әдеп кодексін сақтамаған және құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтірген көптеген қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 2025 жылдың 9 айында құқық қорғау органы қызметкерлерінің әдеп кодексі талаптары мен қызметтік тәртіпті бұзғаны, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және басқа да жағдайлар үшін ІІМ және оның өңірлік полиция бөліністерімен тәртіптік комиссия отырыстары өткізіліп, соның шешімі бойынша көптеген қызметкер әртүрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 82 қызметкер теріс себептер бойынша Ішкі істер органынан шығарылды, – делінген министрліктің жауабында.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі өз жұмысын "Заң мен Тәртіп" қағидаттарына сай жүргізіп, азаматтардың сеніміне лайық, әділдік пен адалдықты негізге алған жаңа кәсіби жүйені құру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
– Бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған,– деп аталып өткен ведомство ақпаратында.