Бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді.
Жантүршігерлік оқиға 18 қазан күні кешкі сағат 20:00 мен 21:00 арасында болғаны анықталды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сержан Түйешиевтің айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
8 бен 9-сыныптарда оқитын екі қыз және колледжде 2-курста оқитын 18 жастағы қыздар сөзге келіспей қалып, кикілжіннің арты қанды төбелеске ұласқан.
– Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жасөспірімдер мен ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабына сай әкімшілік хаттама жасақталып, айыппұл салынды. Іс сотқа жолданды. Ата-аналарға үй қамақ жазасы немесе айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, 3 қыз да полиция басқармасының есебіне қойылды, – дейді Сержан Түйешиев.