Президент әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін Мәліс Әбсәметовке, Рахматулла Аязбаевқа, Ержан Көлдеевке, Ермек Мұртазинге, Владимир Смолярға мемлекеттік сыйлық берілді. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлық Бақдәулет Кенжәлиевке, Валерий Володинге, Ержан Оспановқа, Сергей Требуховқа, Александр Шахаловқа табысталды. Ал Зайнолла Самашев пен Мұхит-Ардагер Сыдықназаров гуманитарлық ғылымдар саласына қосқан үлесі үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.