Бүгінде екі елдің де қоғам белсенділері мен заңгерлері оны ұлттық алауыздықты қоздыру қылмысы бойынша жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздарды балағаттаған Екатерина Биволға қатысты Қазақстанда әзірге қылмыстық іс қозғалмаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Дегенмен ұлтқа тіл тигізген Ресей азаматының әрекеті бойынша Қырғызстанның құзырлы органдары тергеуге дейінгі тексерісті бастапты. Бұл бүтін бір ұлтқа тіл тигізген Екатерина Биволдың жалғыз видеосы емес.

Телеграм парақшасында осы тақырыпта бірнеше бейнежазбалары жарияланған. Бүгінде екі елдің де қоғам белсенділері мен заңгерлері оны ұлттық алауыздықты қоздыру қылмысы бойынша жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, Екатерина Биволдың өзі Қырғызстанның азаматы емес екенін, сол себепті оның заңына бағынбайтынын мәлімдеген.

Айта кетсек, көптің ашуына тиген Екатерина Бивол әлемге танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі. Ажырасқаннан соң, ол экс-күйеуі жайлы даулы пікірлер айтып жүрген.