Әзірге бұл жоспар нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз.

Tesla компаниясының бас директоры, миллиардер Илон Маск роботтардан әскер жасақтауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Eadaily басылымына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек ол Tesla компаниясында өз бақылауын арттырғысы келеді.

"Егер мен үлкен роботтар әскерін құрсам, болашақта мені ығыстырып жіберуі мүмкін бе? Роботтар армиясын құратын болсақ, мен оған айтарлықтай әсер ете аламын ба? Бақылау емес, күшті ықпал туралы айтып отырмын... Егер менің ондай ықпалым болмаса, мұндай әскерді құра алмаймын", – деді Маск.

6 қараша күні Tesla компаниясының жыл сайынғы акционерлер жиналысы өтеді. Жиында акционерлер Илон Маскқа жаңа сыйақы пакетін беру мәселесін талқыға салады. Қыркүйекте Tesla Маскқа он жыл ішінде құны 1 трлн долларға дейін жетуі мүмкін сыйақы пакетін ұсынғаны белгілі болды. Компания оны осылайша өз командасында қалдырғысы келеді.