Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 7-ші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Жапония ашық чемпионатынан бас тартты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WTA баспасөз қызметінің мәліметінше, Елена турнирден жарақатына байланысты бас тартты.

"Бүгін ойнай алмайтыныма қатты өкінемін. Осы аптада белім ауырып жүр, бұған байланысты 100 пайыз ойнай алмаймын. Жанкүйерлерімнің бүгін мені көрмейтініне қапаландым, бірақ келесі жылы көрісемін деп үміттенемін", — деді ол мәлімдемесінде.

1/8 финалдағы және ширек финалдағы жеңістерден кейін, қазақстандық және әлемнің 7-ші ракеткасы жартылай финалда әлемнің 17-ші ракеткасы Чехиядан келген Линда Носковамен кездесуі керек еді.

Бұған дейін Елена Рыбакина Қытайда өткен Ningbo Open кубогын жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші Александр Бублик Венада өткен ATP 500 турнирінің ширек финалында әлемнің екінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерге жеңіліп қалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget