Жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адам ұсталып, радикалдық ағымды ұстанатын 83 тұлға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев мәлімдеді. Ол бүгін Президенттің қабылдауында болып, орган жұмысы туралы есеп берді.

Биыл күштік құрылымдар 17 қылмыстық топты құрықтап, олардың 244 мүшесін ұстаған. 96 адам қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Одан бөлек 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма мың тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.