Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін екі кездесуге шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қазақстандық футболшылар алдымен 15 қарашада өз алаңында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Бельгияны қабылдайды. Ал 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Кажымқкан Төлепберген ("Оқжетпес");

Қорғаушылар: Арсен Әшірбек ("Оқжетпес"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы – "Ордабасы"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Ян Вороговский ("Астана"), Әлібек Қасым, Талғат Көсепов, Бағдат Қайыров (барлығы – "Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Али Пайруз, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – "Елімай"), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Ерсұлтан Қалдыбеков ("Қайсар"), Дамир Қасаболат ("Кайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Исламбек Қуат, Дінмухамед Қараман (оекеуі – "Жеңіс"), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі – "Оқжетпес"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо", Ресей);

Шабуылшылар: Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Иван Свиридов ("Елімай"), Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев (екеуі – "Ақтөбе"), Рамазан Каримов ("Астана"), Айбар Жақсылықов ("Қайсар").

Ұлттық құрама әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде J тобында сынға түсіп жаты. Қазір 7 кездесуден кейін 7 ұпаймен 4-орында келеді.