Қасым-Жомарт Тоқаев Пётр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пётр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пётр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.


Оқи отырыңыз:

"Қазақстанды жасампаз әрі әділетті ел ету – бәрімізге ортақ парыз". Президент Республика күнімен құттықтады