Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қазан күні сағат 09:03-те 32В шағын ауданындағы "Асия" тұрғын үй кешенінің (№83 үй) жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасының жарылысы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына 11 құтқарушы мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарылыс салдарынан үшеуі ересек және екеуі бала (2010 және 2015 жылы туған) адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер нақтылануда.