Ақтаудағы жарылыстан екі бала зардап шекті .

28 қазан күні таңертең Ақтаудағы "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға таңғы сағат 09:03 шамасында болған. Оқиға орнына 11 құтқарушы мен төрт техника жұмылдырылды.

Жарылыстан бес адам зардап шеккен, олардың екеуі — 2010 және 2015 жылы туған балалар. Қазір жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Цензура Актау (@cenzura_aktau)


Оқи отырыңыз: Отандық лоукостер Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсін ашады